masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: «Бизнеске жол» жобасы аясында 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды

13 июня, 2023
in Қоғам
0
Түркістан: «Бизнеске жол» жобасы аясында 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімделді.

Баспасөз спикері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов аймақтағы кәсіп иелеріне Агенттіктің бастамасымен кәсіпкерлерді қорғау бойынша іске қосылған «Бизнеске жол» жобасының негізгі мақсаты — кәсіпкерлерге түрлі құжаттарды ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету екендігін жеткізіп, жұмыс күндері Департамент тарапынан кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешу жолдары қарастырылатынын хабарлады.

Сондай-ақ, дүйсенбі күндері сағат 15:00 — 17:00 аралығында Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес-қауымдастық өкілдеріне жеке қабылдау өткізілетінін БАҚ өкілдерінің назарына жеткізді.
Бұдан бөлек, бизнес өкілдеріне жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, мемлекеттік қолдаулар, соның ішінде кредиттер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер мен тәуекелдер ұшырасқан жағдайда, Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 орталығына хабарласуға немесе Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекен-жайында орналасқан Департаментке келіп хабарлауға болатынын жеткізді.

Айта кетейік, аталған жобаны Түркістан өңірінде жүзеге асыру барысында түрлі әкімшілік кедергілер мен құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға түскен 1064 кәсіпкердің құқығы толық қорғалып, талап-тілектері қанағаттандырылды. Кәсіпкерлікке кедергі келтірген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Previous Post

Түркістан: Мемлекеттік қорға өтіп кеткен 13 кәсіпкердің суармалы жері қайтарылды

Next Post

Президент реформасы агросаланы дамытуға серпін береді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде