masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бурахан Дақанов: «Түркістан өңірі – солтүстікке көштің нағыз «Адами һәм қазақи» инвесторы»

27 мая, 2023
in Қоғам
0
Бурахан Дақанов: «Түркістан өңірі – солтүстікке көштің нағыз «Адами һәм қазақи» инвесторы»
0
SHARES
1
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында солтүстікке қоныс аударуды насихаттау үшін Ордабасы ауданында кездесу өтті.

Жиында белгілі болғандай, Солтүстікті көріп қайтуға ниетті азаматтарға арналған тегін автобус келесі аптада ұйымдастырылмақ.

Осы жиын барысында «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сарапшысы Мыңбай Әлфараби «Серпін» бағдарламасының әрі қарай дамуына ықпал ету керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, «Tauekel» ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов Солтүстік Қазақстан облысындағы 13 ауданның ауылдары оңтүстіктің тұрғындарын асыға күтетіндігін жеткізді.

«Теріскейді қазақыландырайық. Адам саны 2,2 миллионнан асып, жылына кем дегенде 60 мыңнан астам сәби туылатын бұл ғажап облыс — Солтүстікке көштің нағыз «адами һәм қазақи» инвесторы. Білсеңіз, мен тұратын Шал ақын ауданында халықтың саны — 24 мың адам. Ал Ордабасы ауданында 134 мың адам тұрады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 3,2 млн. жуық оқушының 530 мыңы Түркістан облысында. Жабылуға шақ қалып отырған мектептерді аман алып қалу үшін өңір тұрғындары көшіп баруы керек. Солтүстік өңірлерді қазақыландыруға күш салайық», — деді ол.

Жиын соңында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов тұрғындардың құжат әзірлеуі мен өкімет тарапынан қарастырылған жәрдемақы жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы «Есірткісіз болашақ» айлығы басталды

Next Post

Түркістанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде