masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Астана төрінде 3000 адам бір мезетте шәмші әнін шырқады

26 мая, 2023
in Мәдениет
0
Астана төрінде 3000 адам бір мезетте шәмші әнін шырқады
0
SHARES
1
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Астанадағы «QAZAQSTAN» орталық концерт залында Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының «Менің Қазақстаным» атты концерті өтті.

ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, қазақ вальсінің падишасы Шәмші әндерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған концертке ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Парламенті мен Мәжілісінің депутаттары, сонымен қатар Шәмшінің қарындасы Райхан Қалдаяқова мен зиялы қауым өкілдері, астаналық көрермен қатысты.

Кеш шымылдығы Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған Шәмшінің «Отырардағы той» әнімен бастау алды. Салтанатты шараны ҚР Мәдениет және спорт министр Асхат Оралов ашып беріп, қалың жұртты Түркістан облысының 5 жылдығымен және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының ұжымын 60 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар өнер ордасына министрлік атынан Алғыс хат табыстады.

Мерекелік кешті Айгүл Иманбаева мен Жандос Өсербаев тізгіндеді. Концерт барысында филармония әншілері дарынды композитордың халық жүрегінен орын алған таңдаулы шығармаларын оркестрдің және ВИА-ның сүйемелдеуімен жанды дауыста орындады. Сонымен қатар арнайы караоке ұйымдастырылып, әнсүйер қауым сазгердің өміршең әндерін қосыла шырқады. Оған қоса, көпшілікке туындылардың шығу тарихы таныстырылды.

Кеш барысында Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Таженова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Наркенже Серікбаева, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Мамадияр Таукеев пен Дінмұхамед Байқожа, Айзада Әлімбек, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дана Мақатаева, халықаралық «Славян базары» фестивалінің гран-при иегері Рухия Байдукенова, эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербеков, «Қазақстан дауысы» жобасының финалисті Данияр Барыс сынды өнер иелерімен қатар, «Яссы» және «Фараб» би ансамблі, «Алаш» вокалды аспаптар ансамблі, «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов қазақ даласына 300-ге тарта ән қалдырған. Әрбір туындысы жүрек төрінде жатталған өнер иесінің әндері аталмыш концертте жаңаша сипат алды. Ұлттық рухани мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналған ұлы сазгердің есімі қазақ үшін қашан да қастерлі. Филармония ұжымы Шәмші әндеріне сусап келген астаналық тыңдарманның көңіліне керемет сезім сыйлап, көптің ықыласына бөленді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістанда «Саяси қуғын-сүргіннің сабақтары тарихи танымда орнығуы керек» атты дөңгелек үстел өтті

Next Post

Түркістан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері жастармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде