masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған тағылымды шара өтті

26 мая, 2023
in Қоғам
0
Түркістан: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған тағылымды шара өтті
0
SHARES
1
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы мен 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының ұйымдастыруымен және аудан әкімдігінің қолдауымен «Зұлмат жылдар халық жадында» атты шара өтті.

Жиынға Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай, облыстық қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік идеология және «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Ф.Шарипова, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының мүшесі Г.Шардарбекова, сондай-ақ өңірлік комиссияның мүшелері қатысты.

Шара барысында «Тарих. Тұлға. Тағдыр.» атты құжаттар және фотокөрме ұйымдастырылып, «Ашаршылық» және архив құжаттары негізінде жасалған бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің облыс көлемде атқарған жұмыстары бойынша Г.Шардарбекованың баяндамасы тыңдалып, пікірлер айтылды.

Жиында белгілі болғандай, Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия 2021 жылғы 14 қаңтарда құрылып, жұмысына архив қызметкерлерімен қатар, PHD докторлары, профессорлар, кандидаттар мен мүдделі мекеме қызметкерлері тартылған. Сондай-ақ, облыстағы 17 аудан, қалада тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында облыстық жауапты басқармалар мен аудан, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары бекітілген. Осы орайда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Қазіргі таңда «Алаш қозғалысы» және «Халық жады» бағыттары бойынша қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Түркістан облысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған 8 монументтік және мемориалдық ескерткіш орнатылған.

Жалпы биыл қаңтар айында Мемлекет басшысына әртүрлі қуғын-сүргін санаттары бойынша құжаттар мен материалдар негізінде құрастырылған 31 томдық құжат таныстырылған болатын. Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия мүшелері еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеулер жүргізді. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерді құпиясыздандыруға және қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Биыл да Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Астанада «Рухани Түркістаннан – Елордаға» әдеби сапары өтті

Next Post

Түркістанда «Саяси қуғын-сүргіннің сабақтары тарихи танымда орнығуы керек» атты дөңгелек үстел өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде