masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында 102 жастағы қарт майдангер ардақталды

5 мая, 2023
in Қоғам
0
Түркістан облысында 102 жастағы қарт майдангер ардақталды
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев және аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында 102 жастағы жауынгер Жұмағұлов Рысмет ақсақалдың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.

– Сол бір зұлмат жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адамгершіліктің, отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала бермек. Тарих еншісінде қалған соғыстың сұрапыл жылдары енді қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз, – деді аудан басшысы.

Ел ертеңі үшін күрескен қарияның шаңырағына арнайы барған аудан басшысы отан үшін оқ пен от кешкен Жеңіс солдатының естелік әңгімелерін тыңдап, ауданның жаңалығын, ел жайын әңгімелеп, сый-құрмет көрсетті. Қан майданда ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына бас иіп, құран бағышталды. Ақсақал келген қонақтарға ақ батасын берді.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстың аудандағы жалғыз куәгері Рысмет қария 1921 жылы Төлеби ауданы, Леңгір қаласында дүниеге келген. Ол 5 сыныпты бітірген соң, қара жұмысқа ерте араласып, Георгиевка колхозында еңбек еткен. 1942-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталинградты қорғауға қатысқан. 1945-1974 жылдар аралығы күзет бөлімінде қарауыл және қосалқы шаруашылықта жұмысшы болған. Ал, 1974-1976 жылдары Фосфор зауытында зейнеткерлікке шыққанша еңбек еткен.

Жұмағұлов Рысмет «Отан соғысы» орденімен, «Г.К.Жуков» атты мерекелік медалімен марапатталған.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: 9 мамырға арналған «Батырларға тағзым» онлайн-акциясы өтеді

Next Post

Түркістан: Жетісай ауданындағы ардагерге 1,5 млн. теңге табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде