masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Мақтааралда 33 мың гектар жерге мақта егілді

3 мая, 2023
in Қоғам
0
Түркістан: Мақтааралда 33 мың гектар жерге мақта егілді
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында көктемгі дала жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде. Қазірдің өзінде диқандар 32794 гектар жерге мақта, 15432,5 гектарға бақша, 1587 гектарға дәнді жүгері, 1045 гектарға көкөніс, 805 гектарға жаңа жоңышқа, 233,5 гектарға картоп және гектар жерге көпжылдық екпелер егіп үлгерген.

Сәуір айында ауа-райының қолайлы болуы шаруалардың көктемгі дала жұмыстарын жылдағыдан ертерек жүргізуіне бастама болды. 2023 жылы Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада 5655 тонна жанар-жағармай отыны бөлініп, бүгінгі таңға 1 литрі 206 теңгеден босатылуда. Бүгінгі таңда 3690 тонна жанар-жағармай отыны шаруаларға берілді.

Биыл мақта егу үшін аудан аумағындағы тұқым шаруашылықтары 1200 тонна мақта шитін дайындап алыс жақын шет мемлекеттерден (Түркия, Өзбекстан, Қытай) қосымша R-1 мақта шитінің тұқымдары алынды. Сонымен қатар көршілес Өзбекстан мемлекетінің «Наманган – 77» тұқымдық шиті аудан аумағында сынама ретінде 30 гектар алқапқа егілуде.

Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 954 ауыл шаруашылығы тракторы, 415 чизель, 3876 тырма, 212 тұқым сепкіш техникалары қатысты. Биыл шаруаларға көмек беру мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 374,1 млн. теңге және «Жетісай несие» ЖШС тарапынан 116 млн. теңгеден аса несие берілген.

Айта кетейік, былтыр 40,4 мыңнан аса гектар жерге мақта дақылы егіліп, аудан бойынша 106 мың тоннадан астам өнім жиналды. Орташа өнімділік 27 центнерге жеткен болатын. Биыл диқандар 35,7 мың гектар алқапқа мақта дақылын егуді жоспарлап отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысында 460 мың тонна ерте пісетін өнім жиналады

Next Post

Түркістан: Жанар-жағармай тапшылығының алдын алу мәселесі қатаң бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде