Бүгін Түркістан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабында терроризмнің шартты актісінің жолын кесу және оның салдарын жою бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындау бойынша штаб күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.
Жаттығулар шынайы жағдайларға барынша жақындатылған.
Арнайы техниканың жеке құрамының едәуір саны жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу аумағында адамдар жүрісі мен автокөлік қозғалысыстарына шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған байланысты азаматтарды түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.