Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар – бабалар жолы» атты семинар өтті.
Келелі жиын облыс аумағындағы діни бірлестік өкілдерін, тұрғындар мен жастар арасында рухани, адами қасиеттер мен моральдық нормаларды және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» факультетінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Жарқынбаева, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің жедел психологы Ақшолпан Тағайбек тұшымды баяндама жасады.
Семинар соңында аталмыш ұлттық құндылықтар аясында пікірлер тыңдалып, ұсыныстар айтылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі