🚗 🚎 🚛 Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
🔴 Криминалдық есепте болмауы керек;
Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет. Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
📝 ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚКО-ның “Өз-өзіне қызмет көрсету секторы” арқылы.
📌 АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР Өтінім;
Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат; Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік; Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі.
Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.
☑️ Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге; Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
✅ Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге. Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беріледі.