masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Мәжіліс пен Мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады

19 января, 2023
in Cаясат
0
Мәжіліс пен Мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдеме жасады.

«Өздеріңізге мәлім, мен былтыр күздегі Жолдауымда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы осы жылдың бірінші жартысында болатынын жарияладым. Яғни бұл бастама айтылған сәттен сайлауға дейін жарты жылдан астам уақыт өтеді. Тәуелсіздік жылдарында сайлауға дайындалу үшін кандидаттар мен саяси партияларға осыншама көп уақыт берілген емес», деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Мәжілістің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы. Еске сала кетсек, 2022 жылы өткен референдумда Қазақстан азаматтары бұл реформаға қолдау білдірген.

«Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді», деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел Президенті атап өткендей, биылғы сайлауда Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Ал сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Осылайша, өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туып, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Президенттің Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдемесі

Next Post

Депутаттық мандаттың 30 пайызы әйелдер мен жастарға бөлінеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде