Мақтаарал ауданында 554,4 шақырымды құрайтын 600-ден астам ішкі көшелер, 86,5 шақырымды құрайтын респбуликалық, 190,4 шақырымды құрайтын облыстық және 62,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бар. Көп мөлшерде жауған қар және аязды ауа райы автомобиль жолдарында көк мұздың қатуына себеп болды.
Ауданда осы уақытқа дейін жолдарды қардан тазалауға және тайғаққа қарсы материалдар шашуға бюджеттен ешқандай қаржы қаралмаған.
Техникалардың жоқтығына қарамастан, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен және демеушілердің есебінен трактор тіркемелері, погрузчиктер арқылы 313,67 км көше қардан тазаланды. Халық көп шоғырланған орындар мен көлік кептелістері орын алатын орталық көшелерге, бағдаршамдар орналасқан жолдардың қиылысына, елдімекендердің ішкі көшелеріне 10-қаңтардан бастап 8 тонна тұз, 42 тонна құм шашу жұмыстары жүргізіліп, әлі де жалғасып жатыр.
Айта кетсек, қар тазалауға және тайғаққа қарсы материал шашуға МТЗ-80 маркалы 31 трактор, МТЗ-92 маркалы 11 трактор, МТЗ-95,2 маркалы 15 трактор, Беларусь 100-1 маркалы 3 трактор, Беларусь 95-3 маркалы 2 трактор тіркемелерімен бірге және 7 погрузшик жұмылдырылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі