masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Келес ауданында «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы іске қосылады

17 января, 2023
in Қоғам
0
Түркістан: Келес ауданында «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы іске қосылады
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Келес ауданында Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев мәлімдеді.

Жаңа жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агробизнеске тарту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау.

Жоба мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Жаңа жобаның тиімділігі — жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие.  Орташа несие көлемі 5 млн теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкеркер кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

— «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы аясында қаржыландыру бағыттары 8 топқа бөлініп, іске асырылады. Олар кооперация негізінде мал бордақылау алаңдары мен отбасылық сүт фермаларын ашуға, жүнді бағытта қой шаруашылығын дамыту, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, яғни жылына 2,3 өнім алу жобасы сынды бағыттарға несие берілмек, — деді Мадияр Күмісбекұлы.

Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы жобаның тиімділігі бойынша ауылдық елдімекендерде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы жергілікті шаруалардың жағдайы едәуір жақсаратынын айтып, бұл бағытта ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр

Next Post

Үкімет 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орнын құрмақшы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде