masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Құлаған электр бағаналары қалпына келтіріліп жатыр

6 января, 2023
in Қоғам
0
Түркістан: Құлаған электр бағаналары қалпына келтіріліп жатыр
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысында қатты желден құлаған электр бағаналары қалпына келтіріліп, үзілген электр тасымалдау желілері жөнделіп жатыр. Соңғы ақпараттарға сәйкес, Бәйдібек пен Созақ аудандарында 15 электр бағаналары қалпына келтірілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қосымша арнайы техника көмекке келген болатын. Екі ауданға “Оңтүстікжарық” мекемесінің жөндеу бригадалары жұмылдырылды. 3,5 мыңнан астам абоненттің 2 мыңға жуығына жарық берілді. Екі ауданда 27 арнайы бригада мен 30-дан астам арнайы техника жұмыс істеуде. Сала басшылары үзілген электр желілерді жалғау жұмыстары бірнеше күнге жалғасатынын жеткізді.

Түркістан облысында қар басқан жолдарды жауапты мекеме қызметкерлері тәулік бойы тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде облыстық маңызды бар жолдардың басым бөлігі толық ашылды. Ауыр техникалар тоқтамастан асудағы 25 шақырымдай жолдың қарын күреп шықты. Кентау-Ащысай елдімекені аралығындағы жол мен Ащысай-Шолаққорған бағытындағы жолдар қардан тазартылды. Бұдан бөлек, Бәйдібек ауданындағы Бірлік-Жарықбас бағытындағы жолды ашу жұмыстары жүргізілді. Жарықбас-Қошқарата елді мекендері аралығындағы жолды қардан тазалау жұмыстары аяқталды. Созақ ауданындағы Жаңатас бағытындағы жолдарды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетсек, қазіргі таңда аймақта ауа райы бірқалыпты. Келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

Еске салсақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысының бірнеше ауданындағы елдімекендер жарықсыз қалған болатын. Демалыс күндері соққан боран оңтүстік жұртын әбден әбігерге салды. Өңірде қатты боран салдарынан электр бағаналары құлаған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қаңтар оқиғасы – ел ішіне іріткі салғысы келгендердің әрекеті

Next Post

Дархан Сатыбалды: «Облыста өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде