masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Алаш Республикасының құрылған күні 12-желтоқсанды — «Алаш күні» деп ресми белгілеп, жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өту керек

21 декабря, 2022
in Cаясат
0
Алаш Республикасының құрылған күні 12-желтоқсанды — «Алаш күні» деп ресми белгілеп, жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өту керек
0
SHARES
4
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ҚР Премьер-Министрі

Ә. А. Смайыловқа

Міне, өткен аптада  ғана  еліміздің Тәуелсіздік күні алғаш рет жаңа форматта, даңғаза той түрінде емес, тәуелсіздік үшін жандарын қиған қаһарман жастарымыздың рухтарына дұға жасап, еске алу түрінде  атап өтілді. Бұл шешімді «Ақжол» партиясы дұрыс деп санайды.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні 86-ның желтоқсанында алаңға шыққан қайсар жастармен бірге тәуелсіздік үшін күрескен, осы ұлы міндетке қызмет еткен батырларымызды да еске алғанымыз жөн деп есептейді.

Қазақ хандығы 1847 жылы  мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткеннен кейін араға тура 70 жыл салып, 1917 жылдың желтоқсанында сол Қазақ хандығының жер аумағында Алаш ұлт-азаттық қозғалысы заманауи  Қазақ ұлттық мемлекетінің іргетасын қайта көтеріп, осы жылдың 5-12 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен Екінші жалпыұлттық қазақ-қырғыз құрылтайында Алаш орда ұлттық кеңесін жасақтап, үш баламалы үміткердің ішінен (Айдархан Тұрлыбайұлы, Бақытгерей Құлманұлы) көпшілік дауыспен Алаш Республикасы үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов  сайланды.

Бұл туралы Әлімхан Ермеков «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 22 қаңтардағы санында: «…Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді…» деп жазған болатын.

Іс жүзінде хандық үлгідегі ыдырап кеткен Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуда, яғни, бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалауда  жиырмасыншы ғасырдың басында заманауи Қазақ мемлекетін құруға ұмтылыс жасап, білім мен  қажыр-қайратын салып, осы жолда шахид болған Ұлт көсемдерінің, Алаш Республикасы арыстарының ролін ерекше атап өтуіміз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Астана қаласында Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіштің ашылуында:

«Алаш» сөзі – халқымыз үшін қашанда қасиетті ұғым. Өткен ғасырдың басында ұлтымыздың бас көтерер азаматтары Алаш идеясының төңірегіне бірікті. Олар елінің азаттығы мен өркендеуі жолында қызмет етті. Халықтың рухын оятып, санасына сілкініс әкелді. Жеріміздің тұтастығының сақталуына ықпал етті. Төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді бұрын-соңды болмаған  деңгейге көтерді. Өркениетті зиялылықтың негізін қалады. Алаш арыстары заманның сын-қатеріне қарамай, Қазақ  елінің мемлекетшілдік идеясын жаңғыртты» деген болатын.

Құрметті әріптестер!

Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толды. Естеріңізге сала кетейін, 29 маусымда «Ақ жол» фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап еткен депутаттық сауал жолдаған болатын.

Алайда, Үкімет бұл мәселені өкілетті министрліктерге тапсырғаны туралы жүре  жауап берді.  

Сонымен, өкінішке орай, бұл  тарихи дата тағы да  атаусыз қалды.  Бұл мерейлі күнді тек алаштанушылар мен біздің «Ақ жол» партиясы ғана түрлі іс-шара өткізіп, атап өтті.
Бүгінде тарихи әділдікті орнататын күн жетті деп санаймыз.  

Құрметті Әлихан Асханұлы! Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ақ жол» фракциясы Алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып, Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде – «Алаш күні» деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары  

Previous Post

Түркістанда БАҚ өкілдеріне арналған форум өтті

Next Post

Қазақ-өзбек бизнес форумында 73 млн. АҚШ долларына келісімшарт жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде