Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – елдігімнің ерлігі» атты шара өтті. Шараны ашып берген Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайқықызы алдымен Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында асқан биік белестеріне тоқталды.
Жиынға қатысқан оқушылар да өз өнерін ортаға салды. Соның ішінде ұлтарақтай отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің тәуелсіздік жолындағы ерліктері өте әсерлі болса, бейбіт елдің ұрпақтары, еркін елдің ұландары патриоттық әндер шырқады. Шараның соңынан жиналған көпшілік орталық қызметкерлері дайындаған тақырыптық көрмені тамашалады.