masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістанда Мұхтар Шахановтың мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті

13 декабря, 2022
in Мәдениет
0
Түркістанда Мұхтар Шахановтың мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті
0
SHARES
23
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақынды мерейтоймен құттықтап, елге сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

– Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің адамзатты ізгілікке, мейірімге, шынайы махаббатты бағалауға шақыратын өлеңдеріңіз талай адамның сенімін оятты. Жігерлендірді. Туған жеріңіз – Қасиетті Түркістан өңіріне келіп, мерейтоңызды жалғастыру – біз үшін үлкен мәртебе. Алтын уақытыңызды қиып, елмен жүздескеніңіз үшін сізге алғысымды білдіремін.  Жуырда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесін көтерді.  Оған толық негіз бар. Түркістанның рухани астана атануы жолында сіздің де үлесіңіз мол деп есептеймін.  Өйткені сіз парасатты жырларыңызбен,  отаншылдығыңызбен ел рухын көтердіңіз. Отырар мен Түркістанды әлемге танытуға еңбек сіңірдіңіз, –  деді Дархан Сатыбалды.

 

Мерекелік кеште М.Шахановтың  сөзіне жазылған таңдаулы әндер шырқалды. Түркістан облысының танымал әншілері өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Кеш әрі мерейтой иесі, Қазақстанның Еңбек ері,  Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов сөз сөйлеп, Түркістан жұртшылығына алғысын білдірді. Ұлтты сақтау, мемлекетті қорғау, руханиятты қолдау бағытында жүйелі ойлар айтты. Әрдайым парасат, шындық биігінен табылу әр адамға міндет екенін жеткізді. Сонымен бірге Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілерімен бірге «Туған күн кешінде» әнін шырқады.

Мұхтар Шаханов – қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан, әр  қазақтың  жүрегіне жол таба білген, қайталанбас дарын иесі. Саясатта да ел мүддесі жолында еңбек еткен қайраткер. Ақынның шығармалары әлемнің ондаған елдерінің тілдеріне аударылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ҚР Парламенті Сенат депутаттарының сайлауы бойынша іс-шаралар тізбесі бекітілді

Next Post

Түркістанда футболды дамытуға Хорватияның тәжірибесі қолданылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде