Түркістан қаласында орналасқан «Экобазар» аумағында әр аптаның жұма-сенбі күндері Түркістан облысының ауыл шарушылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
«Экобазар» аумағына 68 тонна көлемінде облыстағы 4 ауданнан (Созақ, Кентау, Қазығұрт, Сауран аудандарынан) ауыл шаруашылық өнімдері әкелініп, базардағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағада сатылды. Сонымен қатар жәрмеңкеде Түркістан облыстық тұрақтандыру қоры тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан 10 тонна көлемінде күнбағыс майы, сәбіз, құмшекер, тұз, макарон өнімдері тұрғындарға төмендетілген бағамен ұсынылып жатыр.
Айта кетейік, «Экобазарда» Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін саудалай алады. Осыған дейін Шардара ауданынан – балық пен күріш, Бәйдібек ауданынан – жеміс-жидек, Ордабасы ауданынан – құс еті мен жұмыртқа және өзге де азық-түлік арзан бағада ұсынылып келді.
Аталған сауда кешені жаңа автовокзал маңында орналасқан. Онда өзге облыстар мен Өзбекстанға көліктер қатынайтын болады. Заман талабына сай сауда орталығында қала тұрғындарына және Түркі елінің рухани астанасына келетін туристерге қолайлы сауда жасауға барлық жағдай жасалған. Базар аймағында тауар сақтауға арналған 300 микроклиматтық қойма бар. Сонымен бірге, «Grand Bazar Yassy & EcoBazar» «Экобазары» келушілерге қонақ үй, демалатын орындар, ойын-сауық кешендерін мен фудкортты ұсынады.
Қауіпсіздікті сақтау үшін күзет қызметкерлері жұмыс істейді, бейнабақылау камералары орнатылған. Барлық санитарлық нормалар сақталған. Базарда электронды және ақылды қоларбалар іске қосылады. Сондай-ақ, базарда кәсіпкерлер үшін «Яссы бизнес» бағдарламасы арқылы 4 пайызбен 5 жылға 60 миллион теңгеге дейін кепілдік арқылы несие беріледі. Бұл жөнінде Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен келісім жасалған.
«Экобазар» – дәстүрлі ауыл шаруашылығы нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары. 14 гектар жерге орналасқан базарда 3000-ға жуық сауда орны бар. Оның ішінде 900 орын – азық-түлікке, 1500 орын – киім-кешекке, 500 орын – тұрмыстық тұтыну тауарларына арнайы жабдықталған. Жиһаздарға 1000 шаршы метр орын дайындалған. Көтерме бағадағы бұл базар диқандардың өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам өткізуге, азық-түліктің сапасын сақтауға, тасымалдау шығынын азайтуға өте қолайлы болмақ», – дейді «Экобазардың» бас директоры Бақнұр Аюбек.
Тағы бір айта кетерлік жайт, соңғы жылдары ірі қара мал етін өндіруде және экспорттауда Түркістан облысы елімізде көш бастап келеді. Өңіріміздің ет өнімдері Қытай, Өзбекстан, Ресей, Иран елдерінде, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде жоғары сұранысқа ие болып отыр. Ал, қауынға Германияда сұраныс жоғары. Бұл деректер Түркістан өңірінің азық-түлік өнімдерінің сапалы әрі экологиялық таза екендігін аңғартады. Енді аталған өнімдер Түркістандағы «Экобазарда» жұртшылыққа ұсынылып, осы орталықта жүздеген жұмыс орны құрылмақ. Енді ғана жұмысын бастап жатқан Экобазар биыл толық күшіне еніп, еліміздегі ең таңдаулы сауда орындарының біріне айналмақ.
Мұнда сауда жасайтындарға қыста – жылы, жазда – салқын демалыс орындары, жуынып-шайынатын кең бөлмелері, шахмат, теннис ойнайтын залдары, асханалары, саудалайтын өнімдерді дереу тексеріп отыратын санитарлық қызмет орындары, шағын емханалары, ойын-сауық, жиын өткізетін залдары секілді адамның өмірі мен денсаулығына, еңбек етуіне қолайлы нәрсенің бәрі бар, аймағы атшаптырым тұтасқан ғимараттар кешені болса, мұндай базарларды «қала сәнін бұзады» деп ешкім айта алмас еді. Мұндай базарлар қаланың көркі, мақтаны болып, тұрғындардың тұрмыс-тірлігін де байқататын халық ең көп шоғырланған тамаша орынға айналуы әбден мүмкін.
Осы орайда, киелі шаһардың туристік әлеуетін арттыру мақсатында экобазар қалаға көрік беретіндей сәулетті де сәнді, тынысы кең, заңғар биік болып салынды. Қазір мұнда сауда қыз-қыз қайнап, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.
Мұнда балаларға арналған ойын-сауық орталығы, банктер, фуд-корттар, санитарлық қызмет орындары сынды тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, еңбек етуіне қолайлы орындардың барлығы болады.
Жалпы, бұл жоба өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сол себептен таяуда іске қосылған экобазар ыңғайлы әрі тиімді көпфункционалды сауда орны болғалы тұр.
Жалпы, Түркістан облысы мен Түркістан қаласы әкімідігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке аясында өнімдер 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өткен жәрмеңке апта сайын жалғасатын болады.
Жалпы, ауыл шаруашылығы – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін және халықты аса маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін, сондай-ақ елеулі экспорттық әлеуеті бар Түркістан облысының негізгі саласы.
Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында ауыл шаруашылығын жүргізуге Түркістан облысы Қазақстандағы ең қолайлы өңір болып табылады және облысымыз бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша республикада жетекші орынға да ие. Оңтүстікте бау-бақша өнімдерінің негізгі бөлігі өндіріледі. Сондықтан, агроөнеркәсіптік кешенді жан-жақты тұрақты дамыту ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Алайда қазіргі нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өз алдына, оны сату өз алдында бөлек мәселе. Соңғы жылдары Түркістан облысында осы мәселелердің түйінін тарқату, дәлірегі шаруаның өнімін делдалдарсыз, бірден тұтынушыға жеткізуге баса мән берілуде. Осы бағытта ірі сауда орындары салынды. Өнімді қарапайым халыққа арзан әрі сапалы күйде жеткізу үшін ауқымды жобалар жүзеге асуда. Соның бірі жоғарыда айтылған, Түркістан қаласында биыл пайдалануға ерілген экобазар.
Заманауи базарда диқандар өз өніміндерін бір қолдан, делдалдарсыз тікелей сата алады. Ол үшін қажетті жағдай толықтай жасалған. Мұнда жазда салқын, қыста жылы температуралық режим қамтамасыз етілген.
«Экобазардың» құрылысы барлық санитарлық нормаларға сәйкес, төбесі жабық, жеңіл автокөліктер мен жүк автокөліктерінің еркін кіріп шығуына арналған кең жолдар ашылып, әрқайсысына бөлек автотұрақтар ұйымдастырылған.
Ең бастысы, «Экобазар» барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орнына айналмақ.
Бұл диқандардың өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам өткізуге, азық-түліктің сапасын сақтауға, тасымалдаумен байланысты шығынды азайтуға өте қолайлы.
Осыған орай, базарда сауда орындарынан бөлек, тоңазытқыш орнатылған 200 қойма орындары болады. Соның арқасында, күзде жинаған өнімді келесі маусымға дейін халыққа арзан бағамен сатуға мүмкіндік бар.
Базарда халыққа тиімді бағада азық-түлік ұсынуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2-3%-бен жеңілдетілген несие беру көзделуде.
Бұл базарда сиыр, қой, жылқы еттері мен ет өнімдерін сатуға үлкен мән беріліп отыр. Мұнда еттен дайындалған шұжықтар, тұзды-ысталған өнімдер және консервілер, қазы, қарта сынды өнімдердің барлық түрлерін табуға болады.
«Экобаза»р шетелдерге де тауарларды экспорттайтын болады. Аталған мақсатта, экобазарда кәсіпкерлер, туристер, өнім өндірушілермен және шетелдермен байланыс орнату үшін арнайы «Кеңсе» ашылып, онда заңгерлер, аудиторлар, мамандар, кәсіпкерлер жұмыс жасайтын болады. Кеңседе әлемдік нарыққа тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, тауар өндірушілерге, тауарды сатып алушыларға, соның ішінде шетелдік сатып алушыларға тиісті консультациялар беріледі және шетелдерге тауарларды экспорттау, өнімдерді жеткізу мәселелері бойынша келісім-шартқа отыру сынды процедуралар жүргізіледі. Сонымен қоса, туристер де өздерін қызықтыратын мәселелері бойынша тиісті ақпараттар ала алады.
«Экобазарда» тек ет өнімдері емес, азық-түлік тауарларының барлық түрлері бар. Әсіресе, Түркістан өңірінің кептірілген жемістері әркез елімізде жоғары бағаланып, ерекше сұранысқа ие болып келеді. Сондықтан, бұл базарда тамақ өнеркәсібінде кең қолданысқа ие кептірілген жемістер мен көкөністердің түр-түрі сатылуда. Өйткені, кептірілген азық-түлік түрі мезгіларалық жеміс тапшылығы кезінде халықты жеміс-жидек өнімдерімен үздіксіз және уақтылы қамтамасыз етуде қолайлы.
«Экобазардың» тағы бір ерекшелігі, мұнда азық-түліктерден бөлек, өндірістік тауарлардың барлығы бар. Тіпті үй жиһаздарын да тиімді бағамен сатып алуға болады. Мұнда еліміздегі ірі тауар өндірушілерге арналған орындар бар және сауда қатарларындағы барлық өнімдер көрмеге орнатылғандай ерекше көрікпен, туристер үшін келіп тамашалауға ыңғайлы етіп қойылған. Сонымен қатар, экобазар барлық аудан, қалалардың жәрмеңкелерін өткізетін, өз өнімдерін өткізуге таптырмас орынға айналып келеді.
Барлығымызға белгілі, бүгінде диқандар өз өнімдерін «екінші, үшінші қолдар» арқылы тым арзан бағамен саудалауда, ал арадағы алып сатушылар өзара келіскен түрде азық-түлік бағасын жасанды көтеріп жатады. Жалпы бағаны тұрақтандыру үшін өндірілген өнімді өндірушінің халыққа тікелей ұсынуына қолайлы жағдайлар жасау қажет. Сол себептен де, Түркістан қаласында осындай ауқымды экобазардың іске қосылуын бағаны тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесі зор деп айтуға болады.
Елімізде өндірілген сапалы өнімдерді тұтынушыға арзан бағада ұсынатын осындай базарлар бәсекеге қабілетті ішкі нарығымызды ынталандыруға алғышарттар жасайтыны сөзсіз. Сондықтан, бұл базардан еліміздің басқа өңірлерінің де тиімді бағамен азық-түлік өнімдерін сатып алуы жоспарлануда.
Жалпы, шығыс халықтарында базарға қатыс¬ты «киелі орын» деген түсінік бар. Базар деген қала жұртшылығының тек сауда-саттық емес, сауық-сайран құратын, демалып, көңіл көтеретін орны болып келді.
Мұнда балаларға арналған ойын-сауық орталығы, банктер, фуд-корттар, санитарлық қызмет орындары сынды тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, еңбек етуіне қолайлы орындардың барлығы болады.
Жалпы, бұл жоба өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Көпфункционалды сауда орнына айналып келе жатқан экобазар халыққа қызмет ететін, жұртшылықтың сұранысын қанағаттандыратын, іздегеннің бәрі табылатын, әрі сауда, әрі ойын-сауық, әрі өз кәсібін дөңгелетемін дегендерге үлкен мүмкіндік беретін ірі орталыққа айналады деген сенім бар.