Ауданда күзгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай өз деңгейінде тасымалданды.
Шардара ауданына 2022 жылы күзгі дала жұмыстары үшін жанар- жағармайды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге жеткізіп беру үшін Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан «Майсс» ЖШС және «КазРосНефть» ЖШС жеткізуші операторы болып, айқындалып бекітілген.
Шардара ауданына 2022 жылы күзгі дала жұмыстары үшін шілде, тамыз, қыркүйек және қазан айларына барлығы: 4030 тонна жанар- жағармай бөлінді.
Ауданда шаруаларға бөлінген жанар-жағармайдың өз деңгейінде жеткізілуі бойынша құрылған мобилді топ мүшелері тарапынан ауылдық округтерде бекітілген операторлармен бірге тасымалданып жатқан жанар-жағармайға мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.
Шілде — қазан айлары аралығында Шардара ауданына бөлінген жанар- жағармайдың облыстық ауыл шаруашылық басқармасымен бекітілген калькуляциясына сәйкес: орташа сату бағасы акциз, қосымша құн салығы, тарифі, банк қызметі, күзет, сақтау орны, жалақы, ауданға жеткізіп беру және басқа да шығындарды қоса есептегенде 1 литрі- 202,0 теңге болып белгіленіп, жанар-жағар майдың бекітілген операторлар тарапынан ауданға 3353,7 тоннасы тасымалданды. Орындалуы: 83,2 пайызды құрайды.
Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан жанар-жағармай тапшылығы және басқа да мәселелер жөнінде шағым түспеді. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауға алынды.
Аудандық ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары бөлімі