masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home жастар

Кентаулық студенттермен кездесу өтті

6 декабря, 2022
in жастар
0
Кентаулық студенттермен кездесу өтті
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Кентау қалалық емханасында «Алау» жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Орталықтың басты мақсаты – жасөспірімдердің денсаулық жағдайын жақсарту, оларды зиянды әдеттерден қорғау. Орталықта гинеколог, нарколог, жалпы тәжірбиелі дәрігер мен психолог мамандар қызмет атқарады.

Мамандар әр тоқсан сайын қаладағы мектеп және колледж жастарымен кездесу өткізіп отырады. Сондай кездесулердің бірі қаладағы Арнаулы кәсіптік колледжі мен жалпы білім беретін 4-ші мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай өтті. Кездесуде емхананың нарколог дәрігері Әсем Смайлова жастарға есірткілік психотропты және алкогольдік заттардың зияны туралы айта отырып, олардың салдарынан туындайтын аурулар жайлы кеңінен мағұлмат берді. Кеңінен әңгіме қозғай отырып зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға шақырды. Ал, жалпы тәжірбиелі дәрігер студенттерге ЖИТС ауруы туралы айта отырып, оның алдын алу жолдарын түсіндірді.

Кездесу барысында психолог мамандар студенттерге психологиялық тренингтер ұйымдастырып, жастарға психикалық денсаулық туралы, күйзелістен қалай арылуға болатындығы туралы пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауап берілді.

 

Previous Post

Түркістан облысының барлық аудандарында «Жаңа буын орталықтары» салынады

Next Post

Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде