masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мақтааралда «Алтын күз – 2022» мерекелік іс-шарасы өтті

30 ноября, 2022
in Қоғам
0
Мақтааралда «Алтын күз – 2022» мерекелік іс-шарасы өтті
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мақтаарал ауданында күзгі жиын-терім науқанын қорытындылау мақсатында дәстүрлі «Алтын күз — 2022» мерекелік іс-шарасы өтті.

Биыл ауданда 61 мың гектарға жуық егістік алқапқа түрлі дақылдар егілді. 10 айдың қорытындысымен 73,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Атап айтқанда, 398,3 мың тонна бақша, 106,7 мың тонна мақта, 20,9 мың тонна көкөніс, 19,5 мың тонна мал азықтық дақылдар, 16,7 мың тонна дәнді дақылдар және т.б. дақылдар өндірілді. Сондай-ақ, 5,2 мың тонна ет, 34,6 мың тонна сүт, 5,4 миллион дана жұмыртқаны шаруаларымыз сатуға шығарған.

Іс-шарада сөзге шыққан аудан әкімі Бақыт Асанов аудан тұрғындары мен шаруаларды күзгі жиын-терім науқанының аяқталуымен шын жүректен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен үздік нәтиже көрсеткен округтерді арнайы мараппаттады. Бұдан бөлек, үздік шаруалар мен ауыл шаруашылығы саласының дамуына атсалысып жүрген азаматтарға, мекемелерге, БАҚ өкілдеріне аудан басшысының алғыс хаты табысталды.

«Мемлекет басшысының Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асырып, еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін өсіру қажеттілігі айтылған. Бұл мақсатқа халықтың ынтымағы және шаруаларымыздың қажырлы қызметінің арқасында жетудеміз. Сіздермен алтын күз мерекесі аясында кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Әсіресе, бұл мереке ала жаздай еккен егінін жинап алған диқандарымыз бен шаруаларымыз үшін айрықша деп ойлаймын. Осынау қуанышты күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Алтын күз мерекесі құтты болсын!» — деді Бақыт Насырханұлы.

Аудан басшысы облыс әкімдігі тарапынан бекітілген үш жақты келісімдегі индикаторлардың басым бөлігі 10 айдың қорытындысымен артығымен орындалып қойғанын да жеткізді. Атап айтқанда, 900 гектарға 1 алқаптан жылына 2-3 өнім алу, жаңадан қосылған жылыжай көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайту, 165 гектарға тамшылатып суғару әдісін ендіру, 5 гектарға қарқынды бау шаруашылығын енгізу тапсырмалары беріліп, барлығы да 100 %-ға орындалғанын айтты. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 120 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын алу тапсырмасы берілген болса, жалпы саны 159 бірлік техника және агрегаттар сатып алынып, тапсырма 132 %-ға орындалған.

Айта кетейік, жыл қорытындысымен облыс бойынша Мақтаарал ауданы «Бақша дақылдарын өндіруден озат аудан» және «Жеке қосалқы үй шаруашылығын дамытудан озат» аудан номинацияларын иеленіп, облыс әкімі Д.Сатыбалды арнайы марапаттаған болатын.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Жүкті және босанған әйелдерге реанимациялық көмек деңгейі шыңдалды

Next Post

Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі кезекті рет ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде