Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Келес ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесі тарапынан «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі», «Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында жоғарыда аталған мекемелер тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б. мәселелер қаралып, нәтижесінде бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер берілді.
Атап айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің ыңғайлы орындарға ілінуі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасау, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының талапқа сай жасақталуы, жұмыс істеуі, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлінуі ұсынылды.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі