Келес ауданында Роза Мұқанованың «Өмір солай» атты спектакль-драммасы көрермендерге ұсынылды. Ә.Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде болған спектакльге Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев қатысып, қазіргі қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды қамтыған мағыналы қойылымды тамашалады.
-Бүгінгі қоғамда орын алып жатқан ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, бауырлардың бір-біріне деген ізеті, құрметін қамтыған қойылымды көрермендерге ұсындық. Қырық жылдан аса тарихы бар Келес халық теартының актерлеры өз өнерлерін барынша паш етіп, өздері сомдаған кейіпкерлердің рөлін алып шықты деп ойлаймын, — деген Келес халық театрының режиссері Жанкелді Мырзалиев алдағы уақтта көптеген қойылымдарды Келес халқына ұсынатынын жеткізді.
Аталған спектакль-драмманы Жанкелді Мырзалиевтің режисссерлігімен Келес халық театрының әртістері сомдап шықты. Жалпы бес актерден құралған театрдың қойылымы көптің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



