Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінетінін айтып, тапсырмалар жүктеген болатын. Берілген тапсырмалар негізінде Түркістан облысының Келес ауданында нақты шаралар атқарылуда. Атап айтқанда биылдың өзінде Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата және Жамбыл елді мекендерінен жалпы құны 350 млн теңгені құрайтын мәдениет нысанының құрылысы басталды. Бүгінгі таңда аталған құрылыс нысандарының қабырғалары тұрғызылып, төбесін жабу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде Келес ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Алмас Сексенбаев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында өткен кездесуде Алмас Сексенбаев алдымен өткен кездесуде айтылған мәселелердің шешім жолы туралы айтып өтіп, көтерілген сұрақтарды хаттамалық тапсырма ретінде бақылауға алынатынын жеткізді.
Қошақарата ауылдық округінің Шынар елді мекеніне ФАП құрылысы үшін, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Тиісті жұмыстар атқарылған соң Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына бюжеттен қаржы қаралуға ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Қошақарата ауылдық округінң Бәйтерек, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Жаңақоныс, Қарабура, Бесауыл, Мақташы, Аманжар, Алғабас елді мекендеріне табиғи газ беру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда газ беруші мекеме есебінен құжаттарды рәсімдеу жұмыстары атқарылуда.
Кездесу соңынан жеке мәселелерін арқалап келген тұрғындарды қабылдаған аудан әкімінің м.у.а. Алмас Сексенбаев олардың мәселелеріне құлақ түріп, жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкіміне зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, қажетті ұсыныстарды дайындауды тапсырды.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі