masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ауданда «Алтын күз» мерекесінде бір топ азаматтар марапатталды

25 ноября, 2022
in Uncategorized
0
Ауданда «Алтын күз» мерекесінде бір топ азаматтар марапатталды
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде ауданның «Алтын күз» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Жалпы айтқанда, Сауран ауданы «Алтын күз» мерекесін мерейлі жүзбен қарсы алды. Бұл тамаша да жарқын мереке барша саурандықтардың дәстүрлі мейрамына айналып келеді. Тарихи топырақта бой көтерген жаңа ауданның құрылғанына бір жарым жылға жуық уақыт өтті. Аз уақыттың ішінде Сауран ауданы толықтай құрылып, облысымыздағы үздік аудандарының қатарына қосылып үлгерді.

Ауданның басты перспективасы – ауыл шаруашылығы саласы. Сауран ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда ауыл шарашылығы еңбеккерлерінің жұмыстары ерен екенін айтуымыз керек. Аудан бойынша биылғы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантарлық десек болады.

Мерекелік жиынды аудан әкімі Ғ.Рысбеков сөз сөйлеп, ауыл шарушылығындағы жеткен жетістіктерімізге тоқталып, ауыл еңбеккерлерін толайым табыстарымен құттықтады. Сонымен бірге аудан әкімі Ғ.Рысбеков пен аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Т.Садуов ауданның Құрметті азаматтарына төс белгілерді табыстады. Атап өтсек, зейнеткер, еңбек ардагері Әбілқасым Шегенбайұлы, аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі Фархад Абдуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Байдулла Кішібаев, «Нұр-Сармат» ЖШС директоры Абдиманап Абдурахманов, зейнеткер, ұстаз Құттыбай Тұрғанбаев, «Шобанақ» жалпы орта мектебінің директоры Халдар Османов.

Бұдан бөлек, ауданға еңбегі сіңген және аудандық мәслихат хатшысының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен ауыл шаруашылығы саласында жемісті қызмет атқарып жүрген бір топ азаматтар марапатталды. Мерекелік жиын аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Күні кеше ғана Түркістан облысынің әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Алтын күз-2022» мерекелік шарасында «Ірі қара мал шаруашылығын дамытудан және су үнемдеу технологияларын ендіруден» озат аудан атанды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Жас сарбаздар әскерге аттанды

Next Post

Тұрғындар өтініші-басты назарда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде