masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қала әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

1 декабря, 2022
in Қоғам
0
Қала әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің регламентіне сәйкес, партия филиалының атқарушы хатшысы А.Басаровтың қатысуымен, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Искаков азаматтардың жеке мәселелерімен қоғамдық қабылдау өткізді

Қоғамдық қабылдауға тиісті бөлім және мекеме мамандары қатысып, 11 тұрғынның мәселесі талқыланды.

Қабылдауға келген қала тұрғындары Д.Мажидова, Д.Абдрахманова, Х.Абдуллах, А.Джаманбаева, Ж.Асанова тұрғын — үй кезегінде тұрғандарын айтып кезекпен үй алу мәселесімен, Т.Бейсенбеков Төреқұлов көшесіндегі электр бағаналарын реттеп, қосымша тағы 2 бағана қойып беруді сұрап келсе, А.Ажигабылов көп қабатты тұрғын үйдің жылу құбырына жылу есептегіш құралын қойып беруді, С.Ташпенова аула жолдарын жөндеу, Е.Потехина және К.Жантаев балалар ойын алаңшасын салып беру мәселелерін көтерді.

Қала әкімінің орынбасары Қ.Искаков жеке қабылдауға келіп, өтініштері мен мұң-мұқтажын жеткізген әрбір тұрғынның мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті бөлімдер мен мекемелерге тұрғындар мәселесін тиісті заң шеңберінде шешуді тапсырды.

 

Previous Post

Түркістан: «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығында аға буынға құрмет көрсетілді

Next Post

Кентауда жаңа жылу электр орталығы салынуы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде