masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында жылыту маусымы басталғалы 1 адам газға уланып қайтыс болды

5 декабря, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында жылыту маусымы басталғалы 1 адам газға уланып қайтыс болды
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысында жылыту маусымы басталғалы 1 адам газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы Түркістан облысында жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында 65 өрт оқиғасы тіркелген. Жалпы шығын көлемі 128 млн теңгені құрап отыр. Ал, бір адам улы газға түншығып қаза болған.

Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асанғали Төлепбергенов мәлімдеді.

«Қазан айында Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылы Барышов көшесі №36 мекенжайында улы газбен улану оқиғасы тіркелді. Салдарынан 1961 жылғы азамат қайтыс болды. Газ мамандарының айтуынша, тұрғын үйдегі табиғи газға арналған пештің мұржасы ұзақ уақыт тазартылмаған» — деді А.Төлепбергенов.

Жалпы департамент мамандары жыл басынан бері 260 мыңға жуық жеке тұрғын үйді аралап өрт қауіпсіздігіне қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. 430 мыңнан астам кемшіліктерді анықтаған мамандар 1 млн астам тұрғынға нұсқама берген.

«Үйлерді аралап үгіт насихат жұмыстарын жүргізу кезінде жылдағы кемшіліктер қайталанып отырғандығына көз жеткіздік. Оның ішінде, мұржаларды дұрыс қолданбау, мұржаларды түрлі заттармен бітеу, газбен жылытылатын қондырғылардың мұржаларын қатты отынмен жылытылатын қондырғының мұржасына жалғау, қатты отынға арналған пештерге газ форсункаларын орнату бар» — деді Асанғали Төлепбергенов.

 

Previous Post

Түркістанда газ жүйесіндегі ақау қалпына келтірілді

Next Post

Кентауда: «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде