masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Мектеп кітапханашылары тәжірибе алмасты

5 декабря, 2022
in Білім
0
Мектеп кітапханашылары тәжірибе алмасты
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Қазығұрт жалпы орта мектебінің базасында мектеп кітапханашыларының «Жаңа технологияларды қолдана отырып дәстүрлі кітап оқу» атты аудандық тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды.

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері С.Өтегенованың ұйытқы болуымен өткен семинарға қатысушылар алдымен тартымды кітап көрмесін тамашалады. Педагог-психолог А.Байқоразова семинар аясында ұйымдастырылған тренингінде мектеп кітапханашыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал семинардың негізгі бөлімінде 9–10-сыныптардың оқушыларынан құрылған қос команда мұғалім Н.Мамытовтың жетекшілік етуімен кітап және интернет жөніндегі дебатқа қатысып, өзара пікір таластырды. Сондай-ақ, мектеп кітапханашысы Б.Қайыпбек 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Kahoot» форматында қызықты іс-шара өтті. Педагог А.Турсунованың 7–8-сыныптарда білім алатын шәкірттері дөңгелек столда бас қосып, «Кітап – рухани қазынаның мөлдір бастауы» тақырыбында әңгіме өрбітті. Оқушылар барлық іс-шарада белсенділік танытты.

Семинардың жоғары деңгейде өтуіне Қазығұрт жалпы орта мектебінің директоры Г.Құрбанова, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Үйсімбаева, информатика пәнінің мұғалімі Е.Тасболатов атсалысты.

 

Previous Post

Нашақорлықпен нәтижелі күрес жүргізілуде

Next Post

Түркістанда газ жүйесіндегі ақау қалпына келтірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде