masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Облыс әкімінің орынбасары «Тұран су» мекемесінің жұмысымен танысты

30 ноября, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
30
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран су» ШЖҚ МКК жұмысымен арнайы танысты. Кәсіпорынның негізгі міндеті теңгерімдегі ағын су жүйелерін күтіп ұстау, реконструкциялау және егістікті ағын сумен қамту жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласы облыс экономикасның негізгі көрсеткішін құрайтындығын ескерсек бұл тұрғыда «Тұран су» мекемесінің міндеті айрықша. Осыған байланысты Ермек Кенжеханұлы маңызды жұмыстарды жүзеге асыратын кәсіпорынның келесі жылғы су беру маусымына дайындығын пысықтап, ағын суды үнемді пайдалау тетіктерін жетілдіре түсуді тапсырды.

«Тұран су» МКК биыл өз қаражаты есебінен жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысын бастаған болатын. Аталмыш нысанның жалпы ауданы 1350 шаршы метрді құраса жаңа ғимарат жанынан қойма мен асхана сондай-ақ жабық бокстарға арналған қосалқы ғимараттар да қарастырылған. Олардың көлемі 433 шаршы метрді құрайды. Ал ең бастысы 3 қабаттан тұратын жаңа әкімшілік нысанда мекеме мамандарының тиімді жұмыс жасаулары үшін барлық қолайды жағдайлар қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстары аяқталуға таяған жаңа ғимарат құрылысын аралап көрген Ермек Кенжеханұлы нысанды сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігін тапсырды. Айта кету керек «Тұран су» мекемесінде қазіргі таңда жалпы саны 331 маман жұмыс жасайды. Оның 228 штат кестесінде, ал 103-і тарифтік сметалық негізде еңбек етуде.

 

Previous Post

Тозығы жеткен электр жүйелері жаңартылып, түнгі жарық орнатылды

Next Post

Түркістанда жас бишілер сынға түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде