Бүгін Шардара ауданының шаруаларымен кездесу болып өтті. Кездесуге Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Дауылбаев Еркебұлан Әбілханұлы, ҚР Экология, геология және табиғат ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Бекмағамбетов Досбол Боташұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Оспанов Тұрғанбек Үсенбекұлы және аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мен өзге де сала мамандары қатысты.
Жиын негізінен сұрақ-жауап түрінде өткізіліп, шаруалар тарапынан бірнеше өзекті сауалдар қойылды.
Жер мәселесі, өндіріс орындарын ашу, заңсыз құм қазу, субсидия, ағын су тарифы және жайылымдық жер тақырыптарын көтерген шаруалар вице-министрлерден мәселелердің шешілуін сұрады. Министрлік өкілдері әр сұраққа жеке-жеке түсіндірме беріп, оның түбегейлі шешілу процесстерін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір мәселелер бойынша заңды тұрғыдан өзгерістер болатынын және шаруалар айтқан ұсыныстардың мемлекеттік деңгейде жүзеге асуына ықпал жасалатындығын жеткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты шаруашылықпен айналысушы өңірдегі халықтардың өзекті мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастыру. Сонымен қатар жиындар барысында ұсынылған өтініштерді талқылап, жүзеге асуына көмектесу.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі