masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Төлеген Телғараев әлем чемпионын құттықтап, халықтың ұсыныс-пікірін тыңдады

3 декабря, 2022
in Спорт
0
Төлеген Телғараев әлем чемпионын құттықтап, халықтың ұсыныс-пікірін тыңдады
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Көксәйек ауылдық округ тұрғындарымен кездесу ерекше форматта өтті. Кездесу басталмас бұрын округ аумағындағы М.Х.Дулати жалпы орта мектебінің түлегі Элина Нұрланқызы Базарованы бокстан Әлем чемпионы атануымен құттықтап, «Алғыс хат», бағалы сыйлық табыс етті.

Элина Нұрланқызы 25 наурыз 2004 жылы Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде дүниеге келген. 2009-2021 жылдары М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебінде білім алған. 2019-2020-2022 жылдары жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды. 2019 жылы БАӘ – нің Футжайра қаласында өткен Азия чемпионатының жүлдегері, спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2022 жылы 54 кг салмақ дәрежесі бойынша Испания мемлекетінің Ла-Нусия қаласында өткен жастар арасында өткен Әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Халықтың тығыз орналасуы мен саны жөнінен аудандағы үшінші елді мекендегі аудандық маңызы бар жолдар – 4,5 шақырымды құраса, қанағаттанарлық жағдайы 86,4%. Биылғы жылы облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» жолы орта жөндеуден өтуде. Бүгінгі күні аталған жолға аяқжол салынып, асфальт төсеу, жарықтандыру, жол белгілерін орнату жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

Аудан бюджетінен бөлінген қаржыға Көксәйек-Қазақстан елді мекені Сайрамсу өзені арқылы өтетін 0,210 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған өтпелі көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол апаты салдарынан көпірдің перилаларына зақым келген болатын. Бүгінгі таңда перилалары қайта түзетіліп, пайдалануға берілді.

Көксәйек елді мекені Жастар, Әйтеке би және Жіңішке елді мекені Тұрсынбай көшесіндегі газ жүйесінің құрылысы аяқталып, құбырлар газга қосылды.

Көксәйек елді мекенінің су дебетін ұлғайту мақсатында Жіңішке елді мекеніндегі бұлақ көзінен Көксәйек елді мекеніне диаметрі 110 мм құрайтын 2,9 шақырым жаңа су аққы құбыры жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Қазақстан елді мекеніндегі ұңғымадан Көксәйек елді мекеніне 1,2 шақырым жаңа Д-75мм су аққы құбыры жүргізіліп пайдалануға берілді.

Көксәйек елді мекені, Ш.Қалдаяқов, Амангелді, Әйтеке би, Қазыбек би, Қожамсүгіров, Абдрасилов, Медетбек көшесінде және Жіңішке елді мекені, Тұрсынбай көшесіне мердігер «ПМК-7К» ЖШС тарапынан 9,4 шақырым электр желілері тартылып, 601 бағана қойылып, 1 трансформатор орнатылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында Көксәйек елді мекені Төлеби, С.Тлеубердиев және Досалы би көшесіндегі 2 трансформатор ауыстырылды.

«Жарық жол» мекемесі Жіңішке елді мекенінің орталық көшесінің 3,1 шақырымына түнгі жарық шамдар орнатты.

Көксәйек ауылдық округі әкімі аппараты тапсырысымен Жіңішке елді мекені Тұрсынбай көшесіне 300 суағар орнатылды. Сонымен қатар аудан бюджетінен 15 млн теңгеге Тұрсынбай көшесіне 1,7 шақырым суағар орнатылуда.

Сұрақ-жауап форматындағы кездесу барысында тұрғындардың өтініштерін тыңдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, сұрақтарына жауап бердім. Округте атқарылып жатқан жұмыстарды әкім өз бақылауында болатындығын жеткізді.

 

Previous Post

Қоғалы ауылдық округінде екі нысан халық игілігіне берілді

Next Post

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде