Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл – экономиканың ең маңызды саласының бірі. Ауыл шаруашылығын ілгерілету бағытында түрлі бағдарламалар қолға алынды.
Күні кеше, Президент қызметіне қайта кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алғашқы Жарлығын ауылды дамытуға арнады.
«Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Президентті ұлықтау рәсімінде.
Төлеби 10 айдағы көрсеткішімен 17 аудан арасында «Ет өндіруден», «Жылқы шаруашылығын дамытудан», «Мақсары өндіруден» озат аудан атанды. Бұған қоса, ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі 2022 жылдың 10 айында 52 млрд 872 млн теңге болып, нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығында 28,9 млрд теңге, егін шаруашылығында 23,9 млрд теңге.
Аталған бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек: Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» АШӨК 500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен жүргізуде. Тартылған инвестиция көлемі 150 млн. теңге. Нәтижесінде 10 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Ауылшаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштерінің орындалу барысы: суармалы жердің көлемін ұлғайту жұмыстары бойынша 165 гектарға жетті. Тамшылатып суғару тәсілін 159 гектар аймаққа қолданылады. 61 бірлік ауыл шаруашылық техникасы жаңаланып, «Алтын асық» бағдарламасы 1320 бас ұсақ мал, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 335 бас ірі қара мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 145 бас жылқы мал алынды. 10-15 басқа арналған шағын мал бұқашықтарды бордақылау алаңдары 510 бірлікке жетті. 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша жер көлемі 100 га құрады. Қарқынды бау жеміс шаруашылығын дамыту 70,3 га ұлғайтылып, меже 59 пайызға орындалды. Қарқынды баудың көлемі («Қазығұрт бақтары» АШӨК, «Керемет агро» АШӨК) 3 жыл ішінде 160 гектарды құрап, 3500 тонна өнім жиналды. Шаруашылықтар толық қуаттылыққа жеткенде өнім көлемі 10500 тоннаны құрайды деп жоспарлануда.
Жүзім өндірісінде жаңадан өнім бере бастаған «Тау жемісі» ЖШС-нің 20 гектар жүзім алқабынан 400 тонна өнім жиналды. Сондай-ақ жидек өндіруден 7 гектар алқаптан («Құдайбақ ата» ӨК, ЖК Жиынбаев Қанат») 20 тонна өнім жиналды. Шаруашылықтар толық қуаттылыққа енген жағдайда өнім көлемі 2,5 есе артатын болады.
Аудан аумағында балық шаруашылығымен 7 кәсіпкер айналысады, оның ішінде 2 шаруашылық ағымдағы жылы ашылды. Олар: жеке кәсіпкер Мурадов Навруз — Бірінші мамыр елді мекеніндегі үй іргелік 0,25 га жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, 3000 дана сазан, 2000 дана карп балықтарын өсіруде. Жеке кәсіпкер Тойлыбаев Бекайдар — Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан 0,5 га жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап 10000 дана сазан, 5000 дана мөңке балық (карась), 2000 дана карп балықтарын өсіруде.
Мал шаруашылығы саласында 28 млрд 950,4 млн теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 102.0 пайызды құрады. (облыстық көрсеткіш 99.9 пайыз).
Ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,3% (65,7 мың бас), қой 98,5% (165,4 мың бас), ешкі 99,6% (7,4 мың бас), жылқы 131,5 % (36,2 мың бас), құстар 85,0% (180,7 мың бас) құрады. Ет өндіру-102,2% (15094), сүт- 101,8% (60001,9) тонна, жұмыртқа-104,9% (15919,8 мың) дананы құрады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі