masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аппарат басшысы алқалы жиын өткізді

24 ноября, 2022
in Қоғам
0
Аппарат басшысы алқалы жиын өткізді
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязовтың төрағалығымен арнайы мәжіліс болып өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-та сұхбат беру дағдыларын дамыту, арыз-шағымдардың орындалу барысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер талқыланған жиынға аудандағы қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары мен көмекшілері, әкімдіктердің бас маман-заңгерлері қатысты.

Атқарушы бөлімнің іс-қағаздарға жауапты мамандары Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, аудан бойынша келіп түскен арыз-шағымдардың орындалу барысына тоқталды.

Келтірілген мәліметтерге сүйенсек биылғы жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен 4956 өтініштің 4586-сы қаралып, 4224 өтініш бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылданған. 54 өтініш кодекс талаптарына сәйкес арыз иесінің өтінішімен тоқтатылып, 264 өтініш тиістілігіне қарай басқа органдарға жолданған. 129 өтініш орындалу үстінде.

Тұрғындар тарапынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2029, Жетісай қаласы әкімі аппаратына 480, Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппаратына 133 және Жылы су ауылдық округі әкімі аппаратына 127 өтініш жазылып, ауданда көш бастап тұр.

«Арнайы жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде жалпы өтініштердің 42 пайызы жер алу мәселесіне, 39 пайызы әлеуметтік салаға, 8 пайызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй алу мәселелеріне қатысты жазылған.

Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер тұрғындармен сөйлескенде немесе қабылдау өткізгенде әдептілік сақтауы тиіс. Өйткені, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптардың жиынтығы саналатын әдептіліктің басты қағидасы – адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениеті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді. Аталмыш қасиеттерді адам бойына ерте жастан қалыптастыру оң нәтиже берері сөзсіз» деген аудан әкімдігі аппаратының басшысы, әдеп уәкілі Есен Алданиязов әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың жаңалықтарымен бөлісіп, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Қала, кент, ауылдық округ жастарын ерте жастан адалдық пен әдептілікке тәрбиелеуге шақырды.

Сондай-ақ, басқосуда «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету, адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу арқылы өз-өздерін басқару, еркіндікке машықтандыру жолдары талқыланды. Ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жиын соңында Есен Алданиязов тұрғындардан келіп түскен арыздар мен өтініштерге уақытылы жауап беруді, әр мәселеге жауапкершілікпен қарауды қадап тапсырды.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасуда

Next Post

Ералиевте 23 ішкі көше жөндеуден өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде