masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүйелі жүргізілуде

29 ноября, 2022
in Қоғам
0
Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүйелі жүргізілуде
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жетісай Ауданының әкімі Мұрат Кадырбектың тапсырмасына сәйкес аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында округтердегі елді мекен тұрғындары мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды газдандыру, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы 113 елді мекеннің 56-сы көгілдір отынға қосылып, газ пайдаланушылардың саны аудан тұрғындарының 53 пайызын құрап отыр.

Бүгінде Жаңа Ауыл Ауылдық Округіне қарасты Әбдіхалық, Атақоныс, Қарой, Мырзашөл, Қызылқұм Ауылдық Округінің Ақтөбе, Алғабас, Киров, Көбек, Қосқұдық, Қызылқұм, Қызылту, Мақталы, 1 Мамыр, Түркебай, Жалпаққұм, Жолдасбай Ералиев Ауылдық Округіндегі Ғ.Мұратбаев, Абай ауылдық округі Отан, Бейбітшілік және Мақталы ауылдық округінің Дархан, Сарқырама, Шолпанқұдық, Темір жол, Жайлаукөл сынды 23 елді мекеннің газ өткізгіші құрылысын жүргізуге сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар толығымен аяқталған соң тағы 23 831 жетісайлық тұрғын көгілдір отынды тұтынатын болады.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарына қажетті мөлшерде газ жеткізіп беру, табиғи отын тапшылығын болдырмау мақсатында сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» және Ынтымақ Ауылдық Округінде «Киров» АГТС салу жұмыстары «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС тарапынан бекітілген кестеге сай негізгі жұмыстың 90 пайызға жуығы толықтай аяқталған.

Сала мамандарының айтуынша екі бірдей автоматтандыру газ таратқыш станциясы іске қосылған жағдайда аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылатын болады.

Жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстарына 2022 жылға 850 млн теңге қаржы қаралып, 750 млн теңге мақсатына сай игерілген. Қазіргі таңда 2023 жылға өтпелі нысанның жеңімпазы атанған мердігер мекеме «Байсын-А» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Орталықтандырылған су жүйесіне қосылған елді мекен саны 105-ке жетеді

Next Post

Электр энергиясының жетіспеушілігі шешіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде