masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістанда туризм саласындағы инвестициялық жобалардың таныстырылымы өтеді

25 ноября, 2022
in Uncategorized
0
Түркістанда туризм саласындағы инвестициялық жобалардың таныстырылымы өтеді
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

12 желтоқсанда туризм және қонақжайлылық саласының сарапшылары, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер Түркістан облысындағы бизнеске арналған мүмкіндіктер туралы айтады.

Туризм – өңір үшін басымдыққа ие бағыттың бірі. Мемлекет несиелеу құралдары арқылы инфрақұрылымды дамыту, сонымен қатар өңірді ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету бойынша салаға қолдау көрсетіп жатыр. Бұл ретте салада бос нишалар да бар, олардың бірнешеуі шара барысында таныстырылады.

Ұйымдастырушылар презентацияларды дайындау кезінде туристік бағыттарды анықтау, жер учаскелері мен инфрақұрылымның болуы, сондай-ақ ұсынылатын бағыттардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша бірқатар талдау жұмыстарын жүргізді.

Презентацияда:

— Түркістан айналасындағы тартымды 5 өсу нүктесі;

— шағын және орта бизнеске тиімді инвестициялық жобалар;

— қызмет көрсету және бөлшек сауда саласында қала үшін тиімді франшизалар таныстырылады.

Іс-шараның басты мақсаты – Түркістан облысына инвестиция тарту үшін бизнес-қоғамдастық өкілдерін жұмылдыру, оның ішінде кәсіпкерлерді «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының әлеуеті және несие беретін ұйымдардың мүмкіндіктері туралы хабардар ету.

Қатысушылар: бизнес, жергілікті атқарушы органдар, қаржы институттарының өкілдері, сарапшы-консультанттар, бизнес-қауымдастықтар, БАҚ өкілдері. Қатысушылар нетворкингке қатысып, тәжірибе алмасады.

Іскерлік байланыс орнатуға, Түркістан облысының туризм және қонақжайлылық саласына инвестиция салуға мүдделі отандық және шетелдік компаниялар шараға қатысуға шақырамыз. Іс-шараға www.invest-in-tourism.kz ресми сайтында тіркелгеннен кейін қатысуға болады.

Өтетін орны: Түркістан қаласы «Ұлы дала елі» орталығы. Бағдарлама сайтта жарияланады.

Ұйымдастырушылар: Түркістан облысының Туризм басқармасы, «Open Turkistan» ЖШС.

Previous Post

Кентау: Заңға енген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

Next Post

Жиһаз өндіретін жетісайлық кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде