masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ordabasy: Жұмыс жүйелі болса ғана нәтижесін береді

29 ноября, 2022
in Қоғам
0
Ordabasy: Жұмыс жүйелі болса ғана нәтижесін береді
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтіп, онда “Таза су” КММ-нің басшысы Қ.Табиров жыл басынан атқарылған жұмыстар мен аудан басшысының ауылдарда тұрғындармен болған кездесулеріндегі ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ 10 айдағы кірген кірістер мен шыққан шығыстарға тоқталды.

Айта кету керек, аталған кәсіпорын аудандағы 45 елді мекенге қызмет көрсетеді. Яғни, 12 391 абонентті (72 573 халық) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. “Таза су” мекемесі кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша да тындырымды жұмыстар атқарып келеді. Мысалы, Арыстанды ауылының тұрғындары тамыз айының басында су құдықшаларының қақпақшаларының жоқ екенін айтып, шағымданған. Көп ұзамай, яғни 17 тамыз күні мекеме қызметкерлері тарапынан 18 құдықшаның беті жабылған.

Сондай-ақ Көкарал елді мекенінің тұрғындары ауылдағы су жүйесінің жеке трансформаторының жоқ екенін айтып, орнатып беруін сұраған. Нәтижесінде жеке қуаттылығы 63 кВа болатын трансформатор орнатылған.

Баяндамашыны тыңдап болған аудан әкімі ауыз су және осы салаға тиісті басқа да мәселелерге байланысты тұрғындардың арыз-шағымдарына бей-жай қарамау керектігін айтты.

Мінберге екінші болып көтерілген Төрткөл ауылдық округінің әкімі Н. Сапаров аудан әкімінің а/о халқымен кездесудегі ұсыныс-пікірлерінің орындалуы туралы баяндады.

Ауыл округ бойынша 47 ұсыныс айтылып, оның жартысына жуығы орындалған. Мысалы, тұрғындар Спатаев ауылына табиғи газды жеделдетіп кіргізуін сұраған. Аталған ұсыныс назарға алынып, ауылға газ 2023 жылы толығымен кіргізілетін болады. Аудан басшысы ауыл әкіміне тұрғындардың әр айтқан ұсыныс-пікірін жіті бақылауды айтты.

— Төрткөл ауылдық округіндегі ауылдарды табиғи газбен қамту қарқынды жүруі тиіс. Тиісті басқармамен тығыз байланыс орнатыңыздар. “Басқармаға ұсынылды” деп қарап отыруға болмайды. Артынан қадағалаңыз. Алдағы төрт жылда Төрткөлдің ауылдары толық газбен қамтылуы керек. Жұмысты жүйелеу керек. Нәтиже сонда ғана жақсы болады, — деді Нұрбек Бадырақов.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Әлеуметтік идеялар мен жоба авторлары марапатталды

Next Post

Төлебиде жыл соңына дейін 60 отбасы қоныс тойын тойлайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде