masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан: Созақта «Бизнес бастау»-мен кәсіп бастағандар қатары артқан

28 ноября, 2022
in Экономика
0
Түркістан: Созақта «Бизнес бастау»-мен кәсіп бастағандар қатары артқан
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бұл туралы бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков 10 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты.

– Биыл ауданда 445 млрд 26 млн теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Сондай-ақ, 10 айда 40 млрд 762 млн теңге инвестиция тартылды. Одан бөлек, 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, тапсырма толық орындалды. Ал ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы 62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды, — деді Мұхит Сексенбайұлы.

Спикердің сөзінше, өнеркәсіп өнімінің көлемі 416 млрд 158 млн теңгені құраған. Сондай-ақ, ауданның 98 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 6 ауылдық елдімекеннің 4-не су құбырларын жүргізу, 2-не блок-модуль кешенін (КБМ) орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар, биыл ұзындығы 34,1 шақырымды құрайтын 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге және жергілікті бюджеттен ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 17,9 шақырымға асфальт жабындысы төселді.

Одан бөлек, биыл Таукент кентінен С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебіне 300 орындық қосымша жайы пайдалануға берілді.

Айта кетейік, 24 адам қысқа мерзімді оқуға, 83 адам әлеуметтік, 253 азамат жастар практикасына, 1269 адам қоғамдық жұмысқа, 23 азамат алғашқы және 1158 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданды. Ал 80 азамат мемлекеттік гранпен қамтылса, 511 адам «Бизнес бастау» бойынша оқуға жіберілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Сарыағаш ауданының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр

Next Post

Түркістан: Бәйдібек ауданының инвестициялық әлеуеті жоғары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде