Баламның оң көзіне жасайтын отаны дәрігерлер сол көзіне жасапты. Осылай деп зар жылаған ананың әлеуметтік желіде тараған бейнехабары дүйім жұртты дүрліктірді.
Арнамыздың тілшісіне шағымын айтқан блогер дәрігерлердің қателігінен баламның көзі көрмей қала ма деп алаңдап отыр. Оның айтуынша, баласының көзіндегі етті алғызбақ болып анализ тапсырған.
«Баламның сол көзіне ота жасау керек еді. Бірақ дәрігерлер сол көзіне жасаған. Көрмей қала ма деп уайымдаймын», – деді қала тұрғыны Айдын Тоқсанбаева.
Жағдайдың ақ-қарасын анықтау үшін дәрігерге хабарластық. Алайда ақ халатты жандар абзалдық таныта қоймады. Тіпті табылдырығын аттатпады. Рұқсат жоқ. Десе де жағдайды бақылап отырмыз деп ақталған дәрігерлер, бұл отаның қауіпті емес екенін айтады.
«Бүгін таңертең балаға ота жасалды. Ота кезінде оң жағындағы халязионның орны жазылып кетіпті. Сондықтан да дәрігерлер сол жақ жоғарғы қабағын тексеріп, халязион пайда болғанын байқайды. Соны кесіп алды», – дейді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов.
4 жастағы балама зиян келді деген Айдын Тоқсанбаева полиция департаментіне арыз беріп, аталмыш мекемені түгел тексеру керегін айтады. Ал, басы бәлеге қалған Балалар медициналық жәрдем орталығы өздерін кәнілі санамайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram