Бүгін Әуезов университеті Шыршық қаласындағы филиалға Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов арнайы келіп, филиал жұмыстарымен танысты. Ғалымдармен жүздесіп, филиалдың жұмысына оң баға берген Бейбіт Бәкірұлы екі ел арасындағы ғылым мен жоғары білім саласын дамытуға өз септігін тигізетініне кәміл сенемін, деп атап өтті. Филиалдың мәні мен мазмұны туралы Мемлекет басшысы :
– Жастарды жақындата түсетін маңызды бастамаларды талқыладық. Жыл сайын екі ел жастарының конгресін өткізу дәстүрге айналған. Қазір Қазақстанда Өзбекстаннан келген алты мыңға жуық студент оқып жатыр. Қазақ жастары да Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Бүгін Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филиалы ашылды. Алматыда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы өз жұмысын бастады. Жаңа біз осы оқу орындарын салтанатты түрде аштық. Мұның бәрі бауырлас екі халықтың ортақ игілігі үшін жасалып жатыр, – деген болатын.
Филиал басшысы, профессор Дария Қожамжарова:
– Әуезов университеті Шыршық қаласындағы филиалы еліміздегі ЖОО арасында ашылған алғашқы оқу орны екендігін атап өтіп, жаһандық бәсекеге қабілетті кадрлар даярлап шығаруға бар қажыр қайратын салатын болады. Білім алушыларға білімі мен біліктілігі бір арнада тоғысқан оқытушылар сабақ беретін болады. Бұл тарихы терең Әуезов университеті үшін зор жетістік болмақ, — деді.
Филиалға құжат өткізгендердің қарасы қалың. Солардың бірі жас талапкер Айгүл Құдайбергенова есімді білім алушы. Ол филиалдың алғашқы студенті болғандығын мақтан етеді. Айгүлдің айтуынша, жанұясындағы ағаларының барлығы Әуезов университетінде білім алған. Сол ағаларымның ізін жалғап мен де осы оқу ордасында білім аламын деген шешімге келдім. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша. Өйткені мен ешқайда бармай-ақ осы филиалда білім аламын. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік, — деді жас талапкер Айгүл Құдайбергенова.
Атап өту керек, филиалды ашу Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың құрылғанына 30 жыл толуына орай кездесуінің қорытындысы нәтижесінде Үкімет басшыларының 2023 жылғы 5 мамырдағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі 20-шы бірлескен үкіметаралық комиссияның отырысында жасалған келісім бойынша жүзеге асырылуда. Сонымен қатар бұл еліміздегі университеттер арасындағы шет елде ашылып отырған тұңғыш филиал. Сондай-ақ кадрларды даярлау техникалық, IT-технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі т.б. бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Филиал өкілдерімен кездескен Бейбіт Бәкірұлы тындырымды тірліктердің нәтижелі болуына тілектестігін білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Дария Пернешқызы Қожамжарова